Украина 2022 жылдан бері халықаралық серіктестерінен шамамен 200 млрд доллар қаржы алған. Бұл туралы Украина Ұлттық банкінің басшысы Андрей Пышный мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Пышныйдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған хабарламада: "2022 жылдың басынан бері Украина халықаралық серіктестерінен бюджетке тікелей бағытталған шамамен 200 млрд доллар қаржы алды", – делінген.
Киев билігі бюджет тапшылығын сыртқы қаржыландыру есебінен жауып отыр. Батыс елдерінде жаңа көмек пакеттерін бөлу мәселесі ұзақ уақыт талқыланады.
Бұған дейін Украина маусым айында қарызды өтеуге 400 млн доллардан астам қаржы жұмсағаны хабарланған.
