Украина Қарулы күштері Саратов және Рязань облыстарындағы екі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасауға әрекеттенді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты Ресей вице-премьері Александр Новак «Ресей энергетикалық апталығы» аясында мәлімдеді.
«Біз украин тарапының энергетикалық саладағы бітімге келуге ешқандай ниет танытпай отырғанын көріп отырмыз», — деді Новак.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Мәскеу мен Киев арасындағы ықтимал келісімдер туралы мәлімдеген болатын.
Осы мәлімдемеге қатысты пікір білдірген президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков тараптардың өзара байланыста екенін атап өтті. Ол бұл мәселе бойынша айтарлықтай жаңалық болған жағдайда Кремльдің тиісті ақпарат беретінін қоса айтты.
