Украинада 2022 жылдан бері болмаған күрделі бюджет тапшылығы мәселесі туындады. Бұл туралы елдің қаржы министрі Сергей Марченко Euronews телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"2022 жылдан бері бізде мұндай жағдай болған жоқ... Қазір біз 2022 жылғы жағдайға тым жақын келдік", – деді Марченко.
Euronews мәліметінше, егер Батыс елдерінен қаржылай қолдау алу мүмкін болмаса, Украина әскери емес шығындарды қысқартуға мәжбүр болуы мүмкін.
Марченко Киев кезекті қиын қысқа дайындалып жатқандықтан, Еуропа елдерінің министрлерін бұл мәселені шешуде жаңа жолдар іздеуге шақырды.
"Біз қазірдің өзінде қаражаттың жетіспеушілігіне қатысты мәселелерді байқап отырмыз және бюджетте белгілі бір тапшылық болады деп болжап отырмыз. Әскери шығындарға қатысы жоқ кейбір төлемдерді кейінге қалдыруымыз мүмкін", – деді Украина қаржы министрі.
Ал Украина премьер-министрі Сергей Корецкий 1 қыркүйекте қорғаныс қажеттілігіне қатысы жоқ бюджет қаражатын қатаң үнемдеу режимі енгізілетінін мәлімдеді.
