Украина Қарулы Күштері Брянск облысында Беларусьтен барған футболшы балалар мінген автобусқа шабуыл жасады, деп мәлімдеді губернатордың міндетін атқарушы Егор Ковальчук. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ковальчуктің айтуынша, шабуыл ұшақ типті ұшқышсыз ұшу аппаратымен жасалған. Автобуста Гомель балалар футбол командасы Геленджикке демалысқа бара жатқан. Салонда 44 жолаушы болған, оның 28-і жас спортшылар.

Шабуыл салдарынан балаларға еріп шыққан әйел қаза тапты. Алты адам жарақат алды, оның ішінде төрт жасөспірім бар. Ковальчук қалған жолаушылардың жақын арада үйлеріне қайтарылатынын айтты. Жараланғандардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.

Ресейдің Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренконың айтуынша, террористік шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды.