Украина Қара теңіз порттары арқылы астық экспорттауда қиындықтарға тап болып отыр, деп жазды Financial Times газеті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Одесса облысындағы «Черноморск» порты әскери мақсаттағы жүктер мен Украина Қарулы күштеріне арналған жанар-жағармай материалдарын жеткізетін негізгі логистикалық тораптардың бірі саналады. Сонымен қатар ол Украинаның ауыл шаруашылығы экспортының шамамен 90 пайызын қамтамасыз етеді.

«Украина Қара теңіз арқылы астық тасымалдауда қиындықтарға тап болып отыр», – делінген Financial Times сайты жариялаған материалда. Батыс басылымының пайымдауынша, кеме қатынасына қатысты проблемалар Украина Қарулы күштеріне жүк жеткізуге пайдаланылатын Қара теңіз порттары маңындағы әскери нысандарға Ресей Қарулы күштерінің соққы жасауы салдарынан туындаған.

Газеттің мәліметінше, Украина Қарулы күштерінің мүддесіне пайдаланылатын Одессадағы ең ірі порт қойма сыйымдылығының үштен бірінен айырылған, ал тасымалдаушылар бұл портқа кемелерін жіберуден бас тартып отыр.