Украинада мектеп оқулықтары казактар тарихын қалай жазып жатқаны туралы мәселе көтерілуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кирилл Орловтың "Қызық тарих" деректі жобасының екінші бөлімінде оқулықтардағы өзгерістер баяндалады. Онда Хмельницкийді тәуелсіз Украина үшін күрескер, Мазепаны ұлттық қаһарман ретінде көрсету не үшін қажет екені сұрақ ретінде қойылады.
Сондай-ақ "украиндық болмыстың өзегі" деген ұғымның не екені талқыланады. Бұл деректі жоба казактар тарихының қалай қайта жазылып жатқанын көрсетуге бағытталған.
