Украина НАТО елдерінен Patriot зениттік-зымыран кешендеріне арналған зымырандарды беруді сұрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига X әлеуметтік желісінде: "Әлемнің әртүрлі елінде мұндай мыңдаған зымыран ықтимал қауіп-қатерге дайындық ретінде сақтаулы тұр. Ал Украинаға төнген қауіп – ықтимал емес, нақты қауіп", – деп жазды.

Дипломат Украинаға қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері шұғыл қажет екенін атап өтті.