Украина мен АҚШ делегацияларының Майамидегі келіссөзі мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Kyiv Post газетінің журналисі Алекс Рауфоглу X әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «АҚШ пен Украина арасындағы келіссөз жоспарланған уақыттан ертерек аяқталды. Екінші күн болмайды», — деп жазды.
Қыркүйек айында АҚШ Украинадағы соғысты тоқтату үшін келіссөзді жандандыра түсті. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Америка көшбасшысының күйеу баласы Джаред Кушнер Мәскеу мен Киевке барып, қақтығысты аяқтаудың ықтимал жолдары жөнінде келіссөз жүргізді.
Бұған дейін Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы аясында Зеленский Ресей мен Украина арақындағы келіссөз қайта жалғасуы мүмкін екенін айтқан болатын.
