Украина маусым айында мемлекеттік қарызды өтеуге 400 миллион доллардан астам қаржы төлеген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің Ұлттық банкінің ресми сайтында жарияланған деректерге сәйкес, мемлекеттік қарызға шетел валютасымен қызмет көрсету және оны өтеуге 269,7 миллион доллар төленді. Оның ішінде 211,5 миллион доллар Дүниежүзілік банк алдындағы қарызға қызмет көрсету және оны өтеуге бағытталды. Бұдан бөлек Украина Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) 171,5 миллион доллар төлеген.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, мамыр айында Украина мемлекеттік қарызды өтеуге 400 миллион доллардан сәл астам, ал сәуірде 970 миллион доллардан астам қаражат жұмсаған. Елдің Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 31 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз көлемі 210,6 миллиард долларды құрады.

2026 жылға арналған бюджетте шығыстар шамамен 116 миллиард доллар, ал кірістер 68,6 миллиард доллар көлемінде жоспарланған. Киев бюджет тапшылығын сыртқы қаржыландыру есебінен жабуды жоспарлап отыр.