Украина әскерилері майдандағы жаралы сарбазды дронмен алғаш рет эвакуациялағанын көрсететін бейнежазба жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

92-ші шабуыл бригадасының мәлімдеуінше, жердегі құтқару операциясын жүргізу мүмкін болмаған, өйткені жаралы әскери қызметші миналармен қоршалған және сол аймақта ресейлік дрондардың белсенділігі жоғары болған.

Бригаданың хабарлауынша, қашықтан басқарылатын «ауыр» гексакоптер «өте қиын» операция кезінде тұрақтылықты сақтай алған.

BBC Verify бейнежазбаға қатысқан әскери қызметшілердің жеке басын растады және жасанды интеллектпен жасалған немесе бұрмаланған белгілерді таппады.