Украина Каспий теңізіндегі Иран сауда кемесіне шабуыл жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбі күні Иран Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Украина Иран сауда кемесіне әскери шабуыл жасады. Шабуыл кезінде бір теңізші қаза тауып, екіншісі жарақат алды.

Иран СІМ Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеде: "Иран халықаралық құқықтың принциптері мен негізгі нормаларына, әсіресе заңды өзін-өзі қорғау принципіне сәйкес өз мүдделері мен ұлттық қауіпсіздікті қорғау мәселесінде тартынбайды", - делінген.