Украина жыл соңына дейін Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) 1 млрд долларға жуық қарызын өтеуге тиіс. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпарат РИА Новости агенттігінің ХВҚ-ның ішкі құжаттарына сілтеме жасауы негізінде жарияланды. Қордың мәліметінше, 5 қазанда Киев 61,2 млн SDR, яғни шамамен 83 млн доллар төлеуі керек.

Сонымен қатар қыркүйекте ХВҚ Украинадан тағы 251 млн доллар көлемінде төлем күтті. Жалпы, 2026 жылы Украина ХВҚ-ға қарызын өтеу үшін 959,4 млн доллар төлеуге тиіс.

Мемлекеттік қарыз тарихи максимумға жетті

31 тамыздағы жағдай бойынша Украинаның мемлекеттік сыртқы және ішкі қарызы тарихи максимумға жетіп, 215,55 млрд долларды құраған. Бұл 2016 жылғы тамыздағы көрсеткіштен 8,25 есе көп.

Қазір сыртқы қарыз елдің жалпы мемлекеттік қарызының 78,5%-ын құрайды. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 53,48% болған.

Қарыздың одан әрі өсу болжамы

Украина Қаржы министрлігінің бағалауынша, елдің мемлекеттік қарызы 2026 жылдың соңына қарай 10,146 трлн гривнаға немесе 226 млрд долларға жетуі мүмкін.

Сонымен қатар Батыс елдерінде Украинаға жаңа қаржылай көмек пакеттерін бөлу мәселесі ұзақ талқылануда. Елдің серіктестері ішкі қаржыландыру көздерін іздеуді күшейту қажет екенін айтып келеді.