Украина Еуроодақтан алатын қаржылық қолдауына қарамастан жеңіліп жатыр, деп пікір білдірді Еуропалық парламенттегі Словакия депутаты Любош Блага. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Зеленский жеңіліп жатыр... Ақша құю арқылы жағдайды өзгерту мүмкін емес. Тек қана соғысты ұзарту жүріп жатыр», — деді Блага словакиялық eREPORT басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Блага Киевке қаржылық көмек Еуропалық Одақтың экономикасын әлсіретіп жатқанын айтты. «Зеленский жүздеген миллиард қаражат алды және оның кем дегенде жартысы, тіпті одан да көбі жымқырылды... Еуропалық Одақтан Украинаға беріліп жатқан қаражат біздің экономикамызды өте әлсіретіп жатыр, себебі бұл ақшаны басқа жерде пайдалануға болатын еді. Еуропалық Одақтың экономикасы шынымен де апатты жағдайда тұр, бұл біз арзан ресейлік энергетикалық ресурстардан бас тартқандықтан да болып отыр», — деді еуродепутат.

Ол Киевтің әскери шығындарына үлес қосудан бас тартқан Словакия үкіметімен мақтанатынын мәлімдеді. «Жұмысынан айырылған адамдарға көмектесуге, жаңа технологияларға ақша жұмсауымыз қажет болған жағдайда жүздеген миллиард қаражат еуропалық экономика мен еуропалықтарға жұмсалуы мүмкін еді, бірақ олар Зеленскийге кетті», — деп түйіндеді Блага.