Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуы соғыс қимылдары тоқтағанша мүмкін емес, деп мәлімдеді Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Игнаци Немчицкий Польша теледидарының эфирінде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Немчицкийдің айтуынша, жалғасып жатқан қақтығыс мүшелікке міндетті түрде кедергі келтірмейді, бірақ саяси шындықты ескеру қажет. Ол Украинаның соғыс қимылдары аяқталғанға дейін Еуроодаққа қосылуын елестету қиын екенін атап өтті.
Ол Еуроодаққа қосылу үшін атыс тоқтауы керек екенін айтты: «Біз бәріміз қандай да бір бейбітшілік, атысты тоқтату мүшелікке кіру шарты болуы керек деп есептейміз».
Бұған дейін Euractiv басылымы Украинаның Еуроодаққа кіру үшін қажетті реформаларды көптеген Еуроодақ елі күткеннен гөрі баяу жүзеге асырып жатқанын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар Владимир Зеленский Еуроодақтан Украинаны 2027 жылы одаққа қабылдауды талап еткен. Алайда еуропалық көшбасшылар Украина заңнамасы мен еуропалық стандарттар арасындағы сәйкессіздікті бірнеше рет айтып, Украинаның мүшелігін қарастырудың міндетті шарттарының бірі - егжей-тегжейлі реформа деп мәлімдеді.
