Ресей билігінің мәліметінше, украиналық дрон шабуылы нәтижесінде Ресей бақылауындағы Энергодар қаласында төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл туралы ақпаратты Ресейдің жедел қызметтері растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Энергодар – Запорожье атом электр станциясы орналасқан қала, ол 2022 жылдың наурызынан бері Ресей бақылауында.