Украина қарулы күштері Самара облысындағы Озон қоймасына шабуыл жасады, деп хабарлады губернатор Вячеслав Федорищев. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Губернатордың мәліметінше, жаудың бірнеше ондаған дрондары атып түсірілді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінде зақым бар. Ozon логистикалық кешеніне шабуыл тіркелді, деп жазды ол "Макс" платформасында.

Бірнеше адам жарақат алды, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп қосты өңір басшысы. Ozon Самара облысындағы қойманың жұмысын белгісіз мерзімге тоқтатқаны туралы мәлімдеді. Бұл ретте желі қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп атап өтті компания.