Украина бойынша үшжақты келіссөздер 4 қарашадан кейін өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, келіссөздердің нақты күні жақын арада анықталады. «4 қарашадан кейін болатыны анық», – деді ол тілшілерге.

Ушаков күннің белгіленуі басқа мәселелермен қатар, шайқас алаңындағы жағдайға байланысты болатынын атап өтті. Ол алдыңғы раундтың неліктен болмай қалғанын еске салды: «Болжамды және келісілген сипаттағы алдыңғы раундтың неліктен болмай қалғаны естеріңізде ме? Содан кейін украиналықтардың өздері оны бұзды».

Сонымен қатар, Ушаков Ресей делегациясы әлі құрылмағанын мәлімдеді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлағандай, Әбу-Дабиде жоспарланған кездесуде тараптар Ресей мен Украинаның қауіпсіздік кепілдіктерін талқылайды.