Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Украина бойынша келіссөздер процесі уақытша тоқтап тұр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бейбітшілік келіссөздері мәселесі қазір уақытша тоқтап тұр және жаңа идеялар жоқ», — деді Песков тілшілерге.

Ол бұған дейін Кремль Украинадағы бейбітшілік процесіне қатысты әртүрлі ұсыныстарды жария түрде талқыламайды деп мәлімдеген.

«Әрине, бейбітшілік процесінің әртүрлі тәсілдеріне қатысты әртүрлі ұсыныстарда пайда болуы мүмкін әртүрлі мәліметтерді жария түрде талқылау дұрыс емес. Сондықтан мен олай істегім келмейді», — деді Песков.

Сонымен қатар Песков Ресей Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге ашық екенін айтты.