Украина Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру жасына өзгеріс енгізуді және мобилизациялау аясында басқа да шараларды қарастырып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарғы Раданың Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі комитетінің хатшысы Роман Костенко мәлімдегендей, қазір мобилизациялау процесінде кейбір радикалды шаралар енгізілетіні белгілі болды.
«Қазір кейбір радикалды шаралар енгізілетінін білемін (мобилизациялау процесінде – ред.). Бұл туралы қазірдің өзінде әңгіме болып жатыр. Менің білуімше, әскерге шақыру жасына қатысты кейбір нәрселер өзгертіліп жатыр», - деді Костенко.
Оның сөзін украиналық БАҚ жариялады. Костенко бұл өзгерістердің нақты қандай болатынын ашып айтпады. Ол тек тиісті жұмыстардың қазірдің өзінде жүргізіліп жатқанын және жаңа өзгерістер туралы ресми түрде кейінірек жарияланатынын атап өтті.
