АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф пен Америка көшбасшысының күйеу баласы Джаред Кушнер қазан айында Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге баруы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Axios басылымы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. «Уиткофф пен Кушнер осы айдың соңында Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге баруы мүмкін», – делінген басылым мақаласында.

Бұған дейін Ақ үй Уиткофф пен Кушнер 9 қазан, жұма күні Украина делегациясымен кездесетінін хабарлаған. Тараптар әскери қимылдарды тоқтатуға бағытталған, қақтығыстың барлық аспектісін қамтитын жаңа ортақ ұсынысты талқылайды.

Кеңесуге Ұлыбритания, Германия және Францияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері, сондай-ақ Еуропалық одақ пен НАТО өкілдері қатысады.