Уимблдон теннис турнирінің әйгілі кезегі — жанкүйерлер билет алу үшін таңғы 4-те кезекке тұрып, 7 сағатқа дейін күтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Лондонда өтіп жатқан Уимблдон — әлемдегі ең көне Үлкен дулыға турнирі. Мұнда билеттерді тек сол күні сатып алуға болады, бірақ бұл үшін ұзақ кезекте тұру керек. Бұл дәстүр «Кезек» (The Queue) деп аталады. Жанкүйерлер тіпті түнде кезекке тұрып, Орталық кортқа билет алуға тырысады. Кезекке келгенде әр адамға нөмірі бар карточка беріледі. Биыл кейбір жанкүйерлер 7 сағатқа дейін күткенін хабарлады, олар таңғы 4-те кезекке тұрған.
