WhatsApp-та ең көп күтілген функциялардың бірі пайда болады — пайдаланушылар бір-біріне телефон нөмірін ашпай-ақ хат жаза алады. Оның орнына Telegram немесе Instagram сияқты бірегей пайдаланушы аттарымен алмасу жеткілікті болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Функцияны алдағы айларда бүкіл әлем бойынша біртіндеп іске қосу жоспарланған. Шілде айынан бастап пайдаланушылар өздеріне никнеймді алдын ала брондай алады, алайда бұл міндетті емес.
Пайдаланушы атын кез келген уақытта өзгертуге немесе толығымен жоюға болады. Жаңа функция толық іске қосылғаннан кейін телефон нөмірлері жеке чаттарда көрсетілмейді, сөйлесушілерге сіздің никнейміңізді білу жеткілікті болады.
Дегенмен, телефон нөмірі аккаунтты тіркеу үшін міндетті болып қалады, ал пайдаланушылар бұрынғысынша қажетсіз контактілерді блоктап, оларға шағымдана алады.
WhatsApp-та жаңалық құпиялылық деңгейін арттыруға бағытталғанын түсіндірді. Компанияның өнімдік бағыттағы басшысы Элис Ньютон-Рекс айтуынша, көптеген пайдаланушылар өз телефон нөмірлерімен бөліскісі келмейді, әсіресе үлкен топтық чаттарда немесе таныс емес адамдармен сөйлескенде.
Бұған дейін Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуров WhatsApp туралы өрескел пікір білдірген болатын. Kursiv LifeStyle миллиардердің қосымшадағы қауіпсіздік туралы не ойлайтынын жариялаған еді.
