Уганда жабайы табиғат қызметкерлері мен ветеринарлар 2026 жылдың 21-22 шілдесінде Мурчисон-Фоллс ұлттық саябағынан Аджай қорығына 15 нуб жирафын көшірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Көшіру себебі — саябақта мұнай бұрғылау жұмыстарының жүруі. Жирафтардың көзі матамен жабылып, тыныштандырылғаннан кейін жүк көлігіне тиелді. Олар Аруа қаласына жақын орналасқан Аджай қорығына жеткізілді. Бұл шара жирафтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды.
