Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова учаскелік қызмет мамандарының жалақысын көтеруге қажетті қаржының көлемін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент тапсырмасы бойынша 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарына сараланған қосымша ақы белгіленеді. 40 процентке дейінгі қосымша ақы үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоционалдық жүктемеге байланысты төленетін болады.

«Бұл шара 77 мыңнан астам медициналық қызметкерлерді қамтиды. 2027-2029 жылдарға қосымша қажеттілік жыл сайын шамамен 137 млрд теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 34 млрд теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен – 103 млрд теңге», – деді Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.

Қосымша ақының мөлшерлері:

  • 012 жылдан астам үздіксіз еңбек өтілі үшін лауазымдық жалақының 20 проценті;
  • 023 жылдан астам еңбек өтілі үшін 30 проценті;
  • 035 жылдан астам еңбек өтілі үшін 50 проценті.

Осылайша, үздіксіз еңбек өтілі үшін қосымша ақы енгізілгеннен кейін ауылдық жерлердегі ең жоғары еңбек өтілі бар жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы қосымша ақыны ескергенде 760 мың теңгеге, ал қалаларда 607 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.