«Алсеко» компаниясының жалғыз басқарма мүшесі, бас директор Юрий Федорцов 2025 жылы 45,5 млн теңге сыйақы алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сыйақы жалақы мен сыйлықақыларды қамтиды. Орташа есеппен Федорцов айына 3,8 млн теңге алған. 2024 жылы оның жалақысы мен сыйлықақылары 20% жоғары болып, 57 млн теңгені құраған.
Компания әлі 2025 жылғы қызметі туралы есеп бермеген. 2024 жылы оның таза пайдасы 1 млрд теңге болды. «Алсеко» коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысу операторы болып табылады. Ол тұтынушылардың коммуналдық және өзге де қызметтер үшін төлемдерін есептеу, шот-фактураларды жазып беру, өңдеу қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді тұтынушылар мен тұтыну нормативтерінің дерекқорын құрады және қолдайды.
Компания қазақстандық бизнесмен Вячеслав Кимге тиесілі – Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және Alatau City Bank иесі. Forbes бағалауы бойынша, оның байлығы $7,8 млрд құрайды.
Бұған дейін Алматының ең ірі есеп айырысу орталығы «Алсеко» коммуналдық қызметтер үшін заңсыз төлемдер есептегені анықталған болатын.
