Сербия президенті Александр Вучич тағы да Ресейге қарсы санкциялар енгізуге қарсы екенін және Белград пен Мәскеу арасындағы достық қарым-қатынасты қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Менің саясатым – санкциялар енгізбеу, сондай-ақ Ресеймен достық қарым-қатынасты сақтауды қалаймыз", – деді Вучич жексенбі күні Лапово муниципалитетіне сапары барысында тұрғындармен кездесу кезінде.
Еске салсақ, 2022 жылғы 2 наурызда Сербия президенті ел азаматтарына жасаған үндеуінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Сербия билігі БҰҰ-ның Украинадағы Ресейдің әрекеттерін айыптайтын қарарының 13 тармағының 4-еуін ғана қолдағанын мәлімдеген болатын. Бұл тармақтар Ресейге қарсы санкциялар енгізуді немесе елдегі ресейлік компаниялардың мүлкін тәркілеуді қарастырмайды.
Оның айтуынша, Украинадағы дағдарыс Сербияға айтарлықтай әсер етіп, елге сыртқы саясат тұрғысынан зор қысым жасалған.
