Volkswagen ауқымды қайта құру аясында Германиядағы зауытын қорғаныс өндірісіне бейімдеу жолдарын қарастыруда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның бұл қадамы автомобиль өнеркәсібіндегі құрылымдық өзгерістерге жауап ретінде қарастырылуда. Зауыттың қорғаныс секторына бейімделуі өндірістік қуаттарды жаңа бағытта пайдалануға мүмкіндік береді.
Reuters деректеріне сәйкес, бұл шешім Volkswagen-тің жалпы стратегиялық қайта құру жоспарының бөлігі болып табылады. Компания болашақта өндірістік желілерді әртараптандыруды жалғастырады деп күтілуде.
