Volkswagen ID.4 және ID.5 модельдерін алмастыратын ID. Tiguan электркроссоверін таныстырды. Жаңа модель жаңартылған дизайн, физикалық түймелер және алдыңғы жолаушыға арналған жеке экраны бар цифрлық салонға ие болды. Сатылым 2027 жылдың басында басталады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ID. Tiguan сыртқы көрінісі Pure Positive фирмалық концепциясында жасалған. Алдыңғы жағында жарық жолағы бар тар фаралар, артқы жағында жарықдиодты шамдар орнатылған.

Алдыңғы модельдерден айырмашылығы, кроссоверде кәдімгі есік тұтқалары бар. Style комплектациясында алдыңғы және артқы жағындағы Volkswagen логотиптері жарықтандырылады.

Салонда цифрлық аспаптар панелі және диагоналі 15 дюймдік орталық дисплей орнатылған. Сонымен қатар Volkswagen жекелеген функцияларды басқару үшін физикалық түймелерді қайтарды.

Қосымша ақыға алдыңғы жолаушыға арналған жеке 12 дюймдік экран қолжетімді. Онда қосымшалар мен ойындарды іске қосуға, фильмдер көруге және жүргізуші жолды қадағалап отырғанда маршрутты жоспарлауға болады. Сондай-ақ жолаушы өзінің орындығын жылытуды қоса алғанда, көліктің кейбір функцияларын басқара алады.

Volkswagen ID. Tiguan үш нұсқада ұсынылады. Артқы жетекті базалық нұсқа 190 а.к. қуатын дамытады және 58 кВт·сағ батареямен жабдықталған. Орташа модификация 286 ат күші бар мотор мен 77 кВт·сағ аккумуляторға ие болды.

4MOTION толық жетекті және екі электрмоторлы топ нұсқасы 299 а.к. қуат шығарады және де 77 кВт·сағ батареямен жабдықталған. Максималды жүріс қоры WLTP циклі бойынша 600 км-ге жетеді.

Volkswagen ID. Tiguan-ды күнделікті сапарлар мен саяхаттарға арналған электркроссовер ретінде позициялайды. Ол велосипедтерді тасымалдай алады және тіркеме немесе кемперді сүйрей алады.

Жаңа модельді бензин және гибридтік қуат қондырғыларымен жабдықталған Tiguan-мен қатар сату жоспарлануда. Бағалар әзірге жарияланбаған.

Бұған дейін Курсив Авто Volkswagen ең қуатты сериялық GTI-ді таныстырғанын және оның электрлі екенін хабарлаған болатын.