Volkswagen компаниясының бас директоры алдағы жылдары 100 000-ға дейін жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Manager Magazin журналының хабарлауынша, бұл қадам компанияның шығындарын азайту және тиімділікті арттыру мақсатында қабылдануда. Қысқартулар негізінен өндірістік және әкімшілік бөлімдерге әсер етуі мүмкін.

Volkswagen әлемдегі ең ірі автокөлік өндірушілердің бірі болып табылады және бұл жоспар компанияның болашақ стратегиясының маңызды бөлігі саналады.