Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл орман шаруашылығы аумағында табиғи өрт сөндірілуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ мәліметінше, қиын жерде құрғақ шөп пен бұталар жанып тұр.
Өрт сөндіруге 85-ке жуық адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Орман қорғау қызметкерлері, ТЖМ бөлімшелері және «Қазавиаорманқорғау» мамандары оқиға орнында жұмыс істеуде.
Әуеден ахуалды ТЖМ-нің екі «Қазавиақұтқару» тікұшағы бақылап тұр. Әуе кемелерінің бірі өрт сөндірушілерді жану орнына жеткізу үшін де қолданылады.
«Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Ахуал тартылған қызметтердің бақылауында», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Бұған дейін «Курсив» 5 қыркүйекте Қазақстанда үш орман өрті тіркелгенін жазған еді — Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында.
