Шығыс Қазақстан облысында полиция жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеде адам қазасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиға Тарғын ауылының маңында болған, деп хабарлайды YK.kz. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға жөнделіп жатқан жолдың учаскесінде жұмыс техникасының қатысуымен болған. Салдарынан бір адам қайтыс болды.

ВКО полиция департаменті оқиға фактісін растады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 277-бабының 2-бөлігі бойынша тергелуде — тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан.

Аталған баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деп хабарлады ВКО ДП баспасөз қызметі.