Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдары заңсыз алтын өндірген «қара кеншілер» тобының әрекетін тоқтатты. Топ құрамына Қытай азаматтары кірген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қымбат металды өндіру рұқсат құжаттарынсыз Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында жүргізілген. Жұмыстар 30 гектар аумақта ауыр техника мен өнеркәсіптік кешендерді қолдану арқылы жүзеге асырылған.
Заңсыз әрекеттер салдарынан қоршаған ортаға елеулі зиян келтірілген: топырақтың құнарлы қабаты жойылып, деградацияға ұшыраған, жердің табиғи бедері бұзылған, сондай-ақ өзен арнасы өзгертілген.
«Құқыққа қайшы әрекетке 30-дан астам жұмысшы, оның ішінде ҚХР азаматтары тартылған», — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінде (АФМ).
Тінту кезінде кеншілерден алты 40 тонналық самосвал, төрт шынжыр табанды экскаватор, фронтальды тиегіш, сондай-ақ алтын құрамды кенді өндіру және жууға арналған екі өнеркәсіптік кешен тәркіленді.
Іс бойынша тергеу жалғасуда. Ведомство басқа ақпаратты жариялаған жоқ.
Бұған дейін «Курсив» Түркістан облысының жайылымдарында 12 шетелдіктің заңсыз алтын іздегенін жазған болатын.
