Висконсиндегі қоймадан 1988 жылы шыққан Super Mario Bros. және Duck Hunt ойынының 97 дана сирек кездесетін картриджі табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше жыл бұрын Висконсиндегі поп-мәдениет дүкенінің иесі Кевин Браун танымал Nintendo ойын коллекционері Джейсон Ганоске қоймада жылдар бойы сақталған Super Mario картридждерінің қорабы туралы айтқан. Бұл Ганосты таңғалдырды.

Ганостың айтуынша, бұл 1988 жылы шыққан танымал Nintendo ойыны Super Mario Bros. Duck Hunt ойынының 97 дана «өте таза» көшірмесі болып шықты.

Алдын ала зерттеулерден кейін Ганос қолындағы картридждердің өте сирек екенін анықтады. Бұл картридждер PSA (Professional Sports Authenticator) компаниясында бағаланған.