27 шілдеде АҚШ-тың шығыс Висконсин штатын шарпыған қатты дауыл кезінде электр бағаналары көліктің үстіне құлаған сәт бейнежазбаға түсіп, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
BBC алған бейнежазбада дауылдың күші көрсетілген. Дауыл ғимараттарды зақымдап, мыңдаған адамды жарықсыз қалдырғанымен, қаза болғандар туралы хабар жоқ.
