Visa компаниясы киберқауіпсіздік саласындағы BioCatch компаниясын $2,4 млрд-қа сатып алу арқылы өз қызметтерін кеңейтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәміле Visa-ның цифрлық төлемдер саласындағы қауіпсіздікті күшейту стратегиясының бөлігі болып табылады. BioCatch — биометриялық деректерді талдау арқылы алаяқтықты анықтайтын компания.