Ресей 2028 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге дайын. Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, Қырғызстанға VII Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Татарстанда өткізу жоспары туралы ресми хат келіп түскен.

Айта кетері, Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қонақтарын алып барыс қарсы алды.