Вьетнам шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету үшін Pre-arrival Information – PAI (Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін) пилоттық режимде іске қосты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Вьетнам тарапының мәліметінше, бұл жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шекаралық бақылаудан өту уақыты қысқарып, әуежайдағы жолаушылар ағынын оңтайландырады.

"PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді және алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында енгізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып жатыр", - дейді министрлік.

Айта кету керек, PAI жүйесі Вьетнамға кіретіндер үшін міндетті талап емес және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынады.

Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал – prearrival.immigration.gov.vn арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады.