АҚШ-тың ірі байланыс операторы Verizon 274 дүкенін сатып, корпоративтік қызметкерлерінің 500-ін жұмыстан шығарады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компания бұл қадамды шығындарды азайту және бизнесін оңтайландыру мақсатында жасап отыр. Сатылатын дүкендердің көпшілігі компанияның бөлшек сауда желісінің бір бөлігі болып табылады. Қысқартулар корпоративтік деңгейдегі қызметкерлерге әсер етеді.