Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр Украинаның Еуроодаққа жеделдетілген тәртіппен кіруіне қарсы екенін білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз ешқандай қос стандарттарды қабылдамаймыз. Жеделдетілген тәртіппен кірудің қажеті жоқ деп санаймыз», - деді ол ATV телеарнасына берген сұхбатында.
Мадьяр Киевтің Еуропалық Одаққа кіруі Ресеймен жалғасып жатқан қақтығыспен қиындап бара жатқанын айтты. Ол сондай-ақ Украинаның Брюссель мүшелік туралы шешім қабылдағанға дейін әлі көп жол жүруі керек екенін қосты.
Владимир Зеленский Еуроодақтан Украинаны 2027 жылы одаққа қабылдауды бірнеше рет талап етті. Сонымен қатар еуропалық көшбасшылар Украина заңнамасының еуропалық стандарттарға сәйкес келмейтінін бірнеше рет айтып, мүшелікті қарастырудың алғышарты іргелі реформалар болып табылатынын мәлімдеді.
Financial Times хабарлағандай, Еуроодақтың кеңейту жөніндегі комиссары Марта Кос Киевтің 2027 жылы Еуроодаққа кіру талаптарын жүзеге асыру мүмкін емес деп санайды.
