Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен бірнеше рет қайталағанымдай, Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді», — деді Мадьяр Анкарада тілшілерге.

Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу келісімге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ салынған кез келген жөнелтім Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын атап өтті.

Кремль Батыстың Украинаны қару-жарақпен толтыруы келіссөздерді жеңілдетпейді және теріс әсер етеді деп мәлімдеді.