Венгрия парламенті жасырын дауыс беру барысында 73 жастағы Андраш Бакуды Венгрия Республикасының жаңа президенті етіп сайлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Nepszava газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның кандидатурасына 140 парламентарий дауыс берді, 6 адам қарсы шықты. Қалыс қалғандар жоқ.

Венгрияның жаңа президенті қызметіне 19 тамызда кіріседі.

Осы уақытқа дейін президенттік міндеттерді парламент спикері Агнеш Форстхоффер атқарады.