Венесуэла президентінің уәкілетті өкілі Дельси Родригестің мәліметінше, елде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті. Жарақат алғандардың саны 12 400-ден асты, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Он мыңдаған адам әлі де хабар-ошарсыз кеткен болып саналады, үйінділер астында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, экономикалық шығын 6,7 млрд доллардан асты.
Бұған дейін ел билігі жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, төтенше жағдай режимін енгізген болатын. Венесуэла Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) 200 млн доллар көлемінде қалпына келтіру қорын құру туралы келіссөздер жүргізуде.
Бұған дейін «Курсив» Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер асты дүмпуі болғанын жазған болатын. Елде төтенше жағдай жарияланды.
Сондай-ақ, жер сілкінісінен кейін бірден Венесуэлаға қолдау білдірген АҚШ, Панама, Катар, Куба, Никарагуа, Түркия, Иордания, Колумбия, Барбадос, Ұлыбритания, Бразилия және Мексика елдері гуманитарлық жүктерді, сондай-ақ үйінділер астында адамдарды іздеуге көмектесетін арнайы іздеу-құтқару топтарын жібергені хабарланды.
