Сәрсенбіде Венесуэлада екі ірі жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аэрофотосуреттер жағалаудағы Ла-Гуайра қаласындағы жойқын зардаптарды анық көрсетті. Венесуэла астанасы Каракастың солтүстігінде орналасқан қалада көпқабатты ғимараттар қираған.
Жер сілкінісінің дәл магнитудасы мен құрбандар саны туралы ақпарат әлі нақтыланбаған. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
