Венесуэлада өткен сәрсенбіде екі күшті жер сілкінісі болып, көптеген адамдар баспанасыз қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

BBC тілшісі Уилл Грант елдің солтүстік жағалауындағы Катия-ла-Мар қаласындағы уақытша баспанаға барды. Онда аман қалғандар далада немесе шатырларда ұйықтап жатыр. Олардың ешнәрсесі қалмаған.

Аман қалғандар билік елді қалпына келтіру кезінде оларға уақытша тұрғын үй тауып береді деп үміттенеді. Қазіргі уақытта олар берілген азық-түлік пен киімге тәуелді.