Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1719 адамды құрады, деп хабарлайды CNN. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккендер саны кемінде 22 619 адамды құрайды, оның ішінде 5034 адам жарақат алды. Бұған дейін АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінен қаза тапқандардың жалпы саны 10 мың адамға жетуі мүмкін екенін жоққа шығармаған болатын.

Ұлттық ассамблеяның спикері Хорхе Родригестің айтуынша, елде 855 ғимарат зақымданған, оның 189-ы толығымен қираған.

Бұған дейін «Курсив» Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі болғанын жазған болатын. Елде төтенше жағдай енгізілді.

Сондай-ақ, жер сілкінісінен кейін бірден Венесуэлаға қолдау білдірген АҚШ, Панама, Катар, Куба, Никарагуа, Түркия, Иордания, Колумбия, Барбадос, Ұлыбритания, Бразилия және Мексика елге гуманитарлық жүктерді, сондай-ақ жергілікті қызметтерге қираған ғимараттар астында адамдарды іздеуге көмектесетін арнайы іздеу-құтқару топтарын жіберді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президенті Делси Родригеске жеделхат жолдап, көңіл айтты.