Венесуэладағы екі күшті жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттың қирандылары астынан жаңа туған нәресте мен оның анасы тірідей құтқарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода Ла-Гуайра қаласындағы құтқарушылардың нәрестені қирандылардан алып шығып, әкесіне тапсырғаны көрсетілген. AFP агенттігінің хабарлауынша, анасы да біраз уақыттан кейін қирандылар астынан тірідей алынған.
Қатарынан болған екі жер сілкінісі салдарынан кемінде 920 адам қаза тауып, 3360-тан астам адам жарақат алды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
