Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісі салдарынан 188 адам қаза тауып, 1520 адам жарақат алды, 157 адам хабар-ошарсыз кетті, ал 200-ден астам адам үйінділер астында қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы VTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық ассамблеяның спикері Хорхе Родригестің мәліметінше, құтқарушылар үйінділерді тазалауды жалғастыруда, жарақат алғандар ауруханаларға жеткізіліп, қажетті көмек алуда.

Сегіз аурухана, 20 сауда орталығы және 68 инфрақұрылым нысаны зақымданды. 250 ғимарат ішінара немесе толығымен қирады. Медициналық мекемелердің бір бөлігі эвакуацияланды. Елде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бұған дейін «Курсив» Венесуэлада бір күн бұрын екі жойқын жер сілкінісі болғанын хабарлаған болатын. Барлығы магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі сериялы дүмпу тіркелді. Олар Морон қаласынан 16 шақырым және Сан-Фелипе қаласынан 24 шақырым қашықтықта тіркелді. Каракаста тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар құлады. Құрбандар саны 160 адамды құрады.