Венесуэлада 2026 жылғы 24 маусымда кешке қуатты қос жер сілкінісі болды. Бірінші жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 балды құрады, ал екіншісі 6,9 балдық болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісі астана Каракастағы ғимараттарды қиратып, тұрғындарды дүрбелеңге түсірді. Құтқарушылар қираған ғимараттардың сынықтары астынан адамдарды іздестіруде. AP фотографтары оқиға орнынан жарақат алған адамды алып шығып жатқан құтқарушыны, қираған ғимараттың сынықтарын, итін құшақтап жылап тұрған ер адамды және анасын жұбатқан баланы түсірді.
Венесуэла билігі зардап шеккен аймақтарға көмек жіберуді бастады. Әлемнің түкпір-түкпірінен көмек уәделері түсуде. Жер сілкінісінің салдары әлі де анықталып жатыр, құрбандар мен жарақаттанғандар туралы нақты ақпарат жоқ.
