Венесуэла үкіметі АҚШ сотында Crystallex компаниясына қарсы іс жүргізу үшін Greenberg Traurig заң фирмасын жалдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Greenberg Traurig халықаралық заң фирмасы Венесуэланың мүддесін қорғайды. Crystallex – канадалық тау-кен компаниясы, ол Венесуэладағы активтерінің тәркіленуіне байланысты сот ісін жүргізіп жатыр.
