Ватикан бүлікші католик тобының мүшелерін шіркеуден шығарып, оларды схизмада деп жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ватиканның мәлімдемесіне сәйкес, топ мүшелері католик шіркеуінің іліміне қарсы шығып, бөлінушілік әрекеттерге барған. Шіркеу олардың әрекеттерін схизма деп бағалап, экскоммуникация (шіркеуден шығару) жазасын қолданды.